АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Шуша қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Қарабақ декларациясына қол қою рәсіміне қатысты.
"Саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды", - деп хабарлады Ақорда
Сондай-ақ жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды.