Осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан мен Ресей Мәңгілік достық декларациясына қол қойды

Құжатты Қазақстанның жас астанасымен жасты деуге де болады –Мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға осыдан тура 26 жыл бұрын қол қойылған болатын
Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Декларация әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бар екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастардың берік іргетасын "қалаушылардың" біріне айналды.
Өйткені мемлекет басшыларының бұл Декларацияны сөз етпеген бірде-бір бірлескен мәлімдемесі жоқ.
Қазақстан мен Ресей, айтпақшы, әлі күнге дейін шекара бойында – әр елде кезектесіп кездесулер өткізеді, барлық кездесу достық жағдайда өтеді.
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарын достық және әріптестік қарым-қатынастар біріктіреді.
Елдер арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізі 400-ден астам шарт пен келісімнен тұрады.
Осылайша, Астана күні қазақстандықтардың мерекесі ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық мерекесіне айналды.