Мирзиёев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
"Өзбекстан басшысы Қазақстанның тұңғыш президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі", - делінген хабарламада.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев 84 жасқа толды.