Әлем

Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкиан болды

Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті. Бұл туралы Иранның сауйлау комиссиясының басшысы Мохсен Эслами мәлім етті, деп хабарлайды Irna агенттігі.
Масуд Пезешкиан сайлауда 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинаса, Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауысқа ие болды. Осы нәтижелердің негізінде Иран Ислам Республикасының 14-ші президент сайлауында Масуд Пезешкиан жеңіске жетті, - деп мәлімдеді Эслами.
Оның айтуынша, сайлауда барлығы 30 миллион 510 мың 157 адам дауыс берген. Халықтың сайлауға қатысу деңгейі 49,8% құрады.
Масуд Пезешкиан 1954 жылы 29 қыркүйекте Батыс Әзербайжан облысының Махабад қаласында дүниеге келген