Қазақстан мен Әзербайжан басшылары Шушадағы бейресми саммитте кездесті

Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді
Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шушада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына барды.
Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.
Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды