Астана ШЫҰ-2024

Қытай ШЫҰ-ға елдердің көптеп қосылуын құптайды – Сыртқы істер министрлігі

Қазіргі уақытта ШЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға және ШЫҰ аясында өздерінің құқықтық мәртебесін алуға немесе жақсартуға ниетті елдердің саны артып келеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) ұйымның принциптері мен мақсаттарымен келісетін елдердің көптеп қосылуын құптайды, деп хабарлады жұма күнгі брифингте Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин.
"Қытай ШЫҰ-ның мақсаттары және қағидаттарымен келісетін елдерді ұйымның үлкен отбасына қосылуын құптайды" - деді дипломат.
Мао Ниннің айтуынша, қазіргі уақытта ШЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайтып, ШЫҰ аясында өздерінің құқықтық мәртебесін алуға немесе жақсартуға ниетті елдердің саны артып келеді.
Мао Нин Қытай тағы да Беларусь еліне жылы лебізін білдіріп, Минск ұйымның іс-шараларына белсенді әрі жан жақты қатысып, ШЫҰ-ның дамуына үлес қосады деп үміттенетінін атап өтті.
ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан, Беларусь кіреді. Бақылаушы елдер – Ауғанстан мен Моңғолия, серіктес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, БАӘ, Түркия және Шри-Ланка.