АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазір Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде делдал бола алмайды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Қазіргі мүмкін емес. Қазіргі уақытта ол шынымен де мүмкін емес. Өйткені қазір Украина Ресей Федерациясымен арада делдалмен немесе делдалсыз болсын кез келген келіссөздерден бас тартып отыр", - деді Песков журналистерге.
Ол бұған дейін Ресей президенті Путиннің сыртқы істер министрлігінде айтқан "Украина бітімгершілік жоспарынан үзілді-кесілді бас тартты" деп мәлімдеді.
"Сондықтан қазіргі уақытта Ердоған да, басқа адам да делдал бола алмайды", - деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.