Астана ШЫҰ-2024

Ердоған Түркияның ШЫҰ-ға мүше болатынын жоққа шығармады

Түркия басшысы Астанадағы "ШЫҰ плюс" кездесуіне қатысып, Ресей, Қытай және Беларусь басшыларымен келіссөздер жүргізді
Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болу перспективасына түсініктеме берді. Түркияның ШЫҰ-ға мүше болатынын жоққа шығармады. Бірақ оған уақыт қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Түркия басшысы Астанадағы "ШЫҰ плюс" кездесуіне қатысып, Ресей, Қытай және Беларусь басшыларымен келіссөздер жүргізді.
"Егер ШЫҰ құрылымына қарасақ, Ресей түркі мемлекеттерімен тығыс қарым-қатынаста екені анық. Шанхай ынтымақтастық ұйымында негізінен түркі мемлекеттері бар. Бұл түркі мемлекеттерінің күші одан әрі артатынын көрсетеді", - деді Ердоған.
Ол Астанадан қайтар жолда ұшақта журналистерге өз ойын айтты.
Түрік президентінің айтуынша, Анкара Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы елдермен қарым-қатынасты одан әрі дамытқысы келеді.
"Олардың бізді диалог серіктесі ретінде емес, ұйым серіктесі ретінде қосқанын қалаймыз. Иран ақыры ШЫҰ-ға қосылды. Сонымен қатар, Пәкістан да кірді. Түркия бұл елдердің қатарында бола алмайды деп айтуға келмейді, оған біраз уақыт қажет болуы мүмкін", - деді Ердоған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. 4 шілдеде Астанада өткен саммитте Беларусь оларға ресми түрде қосылды. Бақылаушы елдер – Ауғанстан және Моңғолия, серіктес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, БАӘ, Түркия және Шри-Ланка.