АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің үшінші кезеңіне өтті.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші үш сетте 6:3, 3:6, 6:3 есебімен әлемнің 72-ші ракеткасы Лаура Зигемундты (Германия) ұтты.
Матч 2 сағат 12 минутқа созылды.
Еленаның келесі қарсыласы Каролина Возняцки (91 WTA, Дания) - Лейла Фернандес (25 WTA, Канада) арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.
Айта кетері, Бүкілағылшындық лаун-теннис клубының шөпті корттарында қазақстандық спортшы 16 мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңілді.