АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің көшбасшылары ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру үшін негіз бола алады деп мәлімдеді.
"Мүше мемлекеттер ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл Еуразияда тең және бөлінбейтін қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру үшін негіз бола алатынын атап көрсетеді", - делінген Астана декларациясының мәтінінде.
ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде Астанада "Көпжақты диалогты нығайту - орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтті. ШЫҰ - 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. 4 шілдеде Беларусь ұйымның құрамына ресми түрде қабылданды.
Бақылаушы елдер - Ауғанстан және Моңғолия Серіктес елдер-Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, БАӘ, Түркия және Шри-Ланка.