Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ-ның өзара есеп айырысуында ұлттық валюталарды қолдану деңгейі артты – Путин

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекеттері өзара есеп айырысуында ұлттық валюталарды қолдануды арттырып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. 2024 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатысушыларымен Ресейдің коммерциялық операцияларындағы өзара есеп айырысудағы ұлттық валюталардың үлесі 92%-тен асты.
Ресей президенті Владимир Путин бірлестікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде ШЫҰ-ға кіретін елдер ұлттық валюталарды өзара айырысуда пайдалануды арттырып жатқанын айтты.
"Мысалы, биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Ресейдің ұйым қатысушыларымен коммерциялық операцияларындағы үлесі 92%-дан асты", - деді Ресей Федерациясының президенті.
Ол саммитке қатысушыларға Ресейдің ШЫҰ-да өзінің төлем-есеп айырысу тетігін құру туралы ұсынысын айтты. ШЫҰ кеңістігінде сауда-инвестициялық байланыстарды дамытуға экономикалық блокқа жауапты министрлердің тұрақты кездесулері, қаржы министрлігі мен орталық банктер басшыларының кеңестері елеулі үлес қосатынын атап өтті.