АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ыстамбұл келісімдері "үстел үстінде жатыр" және оны Украина бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін негіз ретінде пайдалануға болады, деді Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ плюс саммитінде.
"Ресей бейбіт келіссөздерден ешқашан бас тартқан емес және қазір жалғастыруға дайын", - деді Путин.
Ол келіссөздер жүргізуден "Лондонның, демек Вашингтонның тікелей бұйрығымен жария түрде" бас тартқан Украина екенін айтты.
"ШЫҰ плюс" форматындағы кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммиті аясында өтіп жатыр.
Тақырыбы "Көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу". Бұдан бұрын хабарланғандай, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 құжатқа қол қойылды, оның ішінде жиынға қатысушылар Астана декларациясын қабылдады.