АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин кездесуде "ШЫҰ плюс" форматында сөз сөйлеп, есірткіге қарсы орталық құруға шақырды.
Ол ШЫҰ аясында қауіпсіздік саласындағы тетікті қосымша құралдармен байытып, қауіпсіздікке қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталық құруды жеделдетуге, барлау ақпаратымен алмасуды арттыруға шақырды.
"ШЫҰ плюс" форматындағы кездесу Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммиті аясында өтіп жатыр.
Саммит барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшылары 25 құжатқа қол қойды, оның ішінде отырысқа қатысушылар Астана декларациясын қабылдады.