АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Польша мен Словакия Украинаға өз әскерін жібермеу керек деген пікірмен келіседі, деді Польша басшысы Анджей Дуда словакиялық әріптесі Петер Пеллегринимен кездесуінен кейін, деп хабаплады РИА Новости.
"Мен Словакия президенті және менің бұл мәселеге көзқарасымызда үлкен айырмашылықтарды көріп тұрған жоқпын. Сонымен қатар мен Польша Украинаға әскер жіберуі керек деп ойламаймын. Бұл НАТО елі соғысқа араласты деген белгі болар еді, сондықтан бұл өте маңызды мәселе", - деді Дуда.
Сонымен бірге ол Польшаның Украинаға әскери көмек жіберіп, украин сарбаздарын даярлап жатқанын айтты.
"Менің және Польшаның ұстанымы өте айқын: біз үлкен көлемде техника жібердік - 350-ге жуық танк, жүзден астам брондалған автокөлік, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар, оқ-дәрілер. Біз миллиардтаған доллар көлемінде көмек жібереміз, бірақ әскер жібермейміз. Сонымен бірге біз украин сарбаздарды осында даярлап жатырмыз, бірақ біз өз сарбаздарымызды Украинаға жібермейміз және жіберуге міндетті болмаймыз деп үміттенеміз", - деді ол.
Франция президенті Эммануэль Макрон бұған дейін егер Ресей Федерациясы майдан шебін бұзып өтіп, Киевтен тиісті өтініш түссе, Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан.
Оның айтуынша, көп мемлекет Францияның әскер жіберу мүмкіндігі туралы көзқарасымен келіскен. Monde газеті жазғандай, Макрон Украинаға әскери нұсқаушылар жіберу үшін еуропалық коалиция құрғысы келеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Украина әскерилерін оқытатын кез келген нұсқаушының иммунитеті жоқ екенін мәлімдеді.