АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Бүгін Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Беларусь ресми түрде ұйым қатарына қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Отырысты ашқан төраға, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусьтың ұйымға мүше болу үшін барлық қажетті рәсімдерді орындағанын жеткізді. Бұдан кейін осы елді ресми түрде ұйым қатарына қабылдауды ұсынды. 9 елдің басшысы арнайы құжатқа қол қойды. Осылайша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің саны 10-ға жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделді халықаралық ұйымға айналғанын ерекше атап өтті