АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Астанада ШЫҰ саммиті басталғанға дейін бірнеше минут қалды. Іс-шарадан ұйымға қатысушы барлық елден 900 журналист ақпарат таратады.
Sputnik Қазақстан тілшісі сыртқы істер министрлігіндегі санды нақтылады - олардың деректері бойынша саммитке 700 шетелдік журналист аккредитациядан өтті.
БАҚ-тың қалған өкілдері - отандық журналистер. Олардың барлығына қолайлы жағдай жасау үшін баспасөз орталығы ретінде әйгілі елордалық Пирамида – Бейбітшілік және келісім сарайы берілді.