Астана ШЫҰ-2024

Астанада "ШЫҰ+" форматындағы алғашқы кездесу басталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы "ШЫҰ+" кездесуі басталды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммиті аясында "ШЫҰ плюс" форматындағы кездесу өтіп жатыр.
Тақырыбы - "Көпжақты диалогты нығайту - тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу". Бұған дейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында 25 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Астана декларациясын қабылданды.
Кездесуге Ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшысымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БАӘ Жоғары федералдық кеңесінің мүшесі, Рас-әл-Хайма әмірлігінің билеушісі Сауд ибн Сакр әл-Касими, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха, Президент Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қатысуда.