Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-тың Украинаға жаңа көмек пакетіне HAWK және HIMARS-ке арналған оқ-дәрілер кірді

Sputnik
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға жаңа көмек пакетіне америкалық HAWK әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар мен HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерінің снарядтарын енгізді, деп хабарлады Пентагон.
"Қорғаныс министрлігі Украинаға құны 150 миллион долларға дейінгі қару-жарақ жеткізілетін PDA пакетін қамтитын қосымша қауіпсіздік көмегін жариялайды", - деді ведомство.
Сонымен қатар Украина қарулы күштері Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы (USAI) қаржысынан қарастырылған шамамен 2,2 миллиард долларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне тосқауылшыларды алады.
Сәрсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер жаңа қаржыландыруға Украинаның мүддесі үшін Patriot және NASAMS жүйелеріне тосқауылшы зымырандар сатып алынады деп мәлімдеді.
Жаңа әскери көмек пакетінің жалпы сомасы 2,35 миллиард долларды құрайды, деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі.
Мәлімделген тізімге сәйкес, оған америкалық қоймалардан шығарылғандар мына техникалар кіреді:
HAWK әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зымырандары;
HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерінің оқ-дәрілері;
155 және 105 мм калибрлі артиллерияға арналған снарядтар;
миномет снарядтары;
TOW зымырандары;
Javelin және АТ-4 кешендері, сонымен қатар басқа да қару-жарақ.
Мәскеу Украинаға батыстың қару-жарағы мен техникасын жеткізу қақтығыс аймағындағы жағдайды өзгертпейтінін және қарудың басқа түрлері сияқты жойылатынын мәлімдеді.