Алматыда 800-ге жуық аялдама жуылып, тазаланады

Sputnik
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Алматыда аялдамалар жуылып, тазартылып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
"Алматы Жазы" акциясы аясында 798 аялдама жуылып, тазартылып жатыр.
"5000-нан астам арнайы техника жол бойын, тротуарлар мен аула аумағын сыпыруға жұмылдырылған. 41 мың шаршы метрден астам жол және тротуар тазартылды", - дейді ведомстводағылар.
Көшелер мен аулаларды тазалаумен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктері жөнделіп, сырланып жатыр. Мердігерлер 7 049 орындық пен 11 351 көшедегі қоқыс жәшігін жуып үлгерген.
Акция аясында 26 маусымнан 6 шілдеге дейін 798 аялдама, 122 бағдаршам және 3 181 жол белгілерінің тірегі тазаланып, жуылады.