АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан швейцариялық Die Weltwoche басылымына берген сұхбатында Украинадағы "бейбітшілік миссиясын" Германия, Франция және Италияға сапарымен бастағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бәрі Еуропалық одақтың ірі көшбасшыларына байланысты. Сондықтан мен Берлинге, Парижге және Римге бардым. Мен бейбітшілік миссиясын осылай бастадым", - деді Орбан.
Орбан Киевке соңғы он екі жылдағы алғашқы сапарын жасады. 1 шілдеден бастап Венгрия Еуропалық одақ Кеңесіне жарты жыл төрағалық етеді. Орбанның баспасөз хатшысы Киевте Владимир Зеленскиймен бейбітшілік орнату және екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылайтынын айтты.
Зеленскиймен өткен баспасөз мәслихатында Венгрия премьер-министрі одан Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер басталғанға дейін атысты тоқтату мүмкіндігін қарастыруды сұрағанын мәлімдеді.