АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинді биылғы жылдың қарашасында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Сәрсенбі күні кешке Тоқаев пен Путиннің кездесу өткізді. Оның барысында Тоқаев Ресей басшысын биылғы қарашада Қазақстанға тағы бір сапармен келуге шақырып, оны Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Жоғарғы кеңесінің отырысына орайластыруды ұсынды.
"Бұл біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынын сақтау үшін қажет деп ойлаймын. Сізді елімізге мемлекеттік сапармен келгенде қайта көреміз деп үміттенемін", - деді Тоқаев.
"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Әлбетте, мұны ҰҚШҰ саммитіне орайластырған тиімдірек болар еді. Шақырғаныңыз үшін рахмет, ол сөзсіз қабылданады", - деп жауап берді Путин.
Кездесу "Ритц Карлтон" қонақ үйіндегі келіссөз залында өтіп жатыр.