АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздері басталды.
Кездесу Ritz Carlton қонақүйіндегі келісөз залында өтіп жатыр.
Олар бұған дейін мамыр айында Тоқаевтың Мәскеуге сапары кезінде кездесті.
Владимир Путин ертең басталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, бүгінгі күн Астанаға келген мемлекет басшыларымен екіжақты келіссөз жүргізуге арналды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. Кейінірек ұйымға Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды.