Астана ШЫҰ-2024

Тоқаев оқыған Бейжің университетінің филиалы Астанада ашылды

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы мемлекеттік сапары аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Филиал "Астана" (AIU) халықаралық университетінің негізінде жұмыс істейді. Биыл алғашқы 100 студент оқуды бастайды.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы мемлекеттік сапары аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды
Ақордада өткен кеңейтілген келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет унверситеті филиалының ашылуын қолдап, екі елдің ғылым және білім салаларындағы байланыстарының кеңеюі екі елдің мүддесіне сай келетінін айтты.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы мемлекеттік сапары аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды
Екі елдің басшылары Астанада және Бейжіңде мәдени орталықтарды ашу бастамасын да қолдады.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев - Бейжің тіл және мәдениет университетінің түлегі. Қазақстан президенті ол жерде қытай тіліне үйренген.