АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Бүгін ШЫҰ елдерінің басшылары, ұйымның бақылаушылары мен серіктестері Астанадағы саммитке жиналып жатыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды.
ШЫҰ көрсеткіші
© Sputnik
Кейінірек одаққа Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды. Биыл ШЫҰ-ға мүше елдің саны онға жетеді. Астанадағы саммитте ұйымға Беларусь қосылады.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, 66 миллиард долларға жетті.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында ұйым аясындағы өзара сауда көлемі 19,1 млрд долларды құрады.