Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ әділ көпполярлы әлемдік тәртіптің негізгі тіректерінің біріне айналды – Путин

Путин Ресей 2024-2025 жылдары ШЫҰ-ға Қытайдың төрағалық етуін қолдайтынын мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүгінде әділ көпполярлы әлемдік тәртіптің негізгі тіректерінің бірі болып саналады, деді Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде.
"Біздің елдеріміз 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрудың бастауында тұрғанын еске саламын. Қатысушылар аясының кеңеюімен ұйым әділ көпполярлы әлемдік тәртіптің негізгі тіректерінің бірі ретіндегі рөлін күшейтті. Ертең Беларусь ұйымның тағы бір толыққанды мүшесі атанады", - деді ол.
Путин Қытайдың 2024-2025 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық етуін Ресей қолдайтынын айтты.
Ресей президенті сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытаймен өзара сауда оң қарқын алғанын атап өтті.
"Сауда өсуде. Біз мұны менің Қытай Халық Республикасына сапарым барысында да айттық және қазір де растай аламыз. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында оң қарқынға куә болып отырмыз", - деді ол.
Ресей басшысы бүгінде Ресей-Қытай қарым-қатынасы өзара тиімділік пен өз халықтарының мүддесі үшін егемендікті құрметтеуге негізделгенін айтты.
"Орыс-қытай жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қарым-қатынастары теңдік, өзара тиімділік және бір-бірінің егемендігін құрметтеу қағидаттары негізінде құрылғанын және қазір өз тарихындағы ең жақсы кезеңді бастан өткеріп жатқанын бірнеше рет айтқанбыз", - деді Ресей президенті.
Путин Ресей мен Қытайдың 2030 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықты дамыту жоспарын сәтті жүзеге асырып жатқанын айтты.