Қазақстандық жас спортшы "Азия балалары" ойындарында "алтын" жеңіп алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Қазақстандық Ангелина Сорокина стенд атудан ("скит" санаты) алтын медаль жеңіп алды. Ол 20 ұпай жинады.
Тғы бір отандасымыз София Малкина пневматикалық мылтықтан 10 метрге оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының қоржыны 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен толықтырылды.
Сегіз күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 78 медаль (15 алтын, 20 күміс және 43 қола) бар. Дәл осындай көлемдегі марапатты Ресей Федерациясының Сібір федералды округінің жас спортшылары иеленді (26 алтын, 24 күміс және 28 қола).
Бұған дейін "Азия балалары" VIII халықаралық спорт ойындары 26 маусымда Якутск қаласында басталғаны хабарланған болатын. Олар 7 шілдеге дейін созылады. Біздің еліміз 300 адамнан тұратын ең көп делегацияны жарысқа жіберді, оның 202-сі спортшылар. Якутскіде 24 спорт түрінен 239 медаль сарапқа салынады.
"Азия балалары" ойындарында Қазақстан құрамасы тағы 3 алтын медаль жеңіп алды