Астана ШЫҰ-2024

Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.