АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке "Солтүстік - оңтүстік" дәлізі жобасын дамыту мәселесін талқылауды ұсынды. Ал Әлиев жауап ретінде Әзербайжан аумағындағы дәліздің инфрақұрылымын кеңейтуге ниетті екенін айтты.
"Мен біздің инфрақұрылымдық жоспарларымызды атап өткім келеді, әрине, қазір әйгілі "Солтүстік – оңтүстік" трассасы бірінші орында", - деді Путин Астанада ШЫҰ саммиті аясында Әзербайжан басшысымен кездесуінде.
Ильхам Әлиев те дәлізді кеңейту қажет екенін атап өтті.
"Әзербайжан аумағындағы дәліздің инфрақұрылымын кеңейтуге бел будық. Негізі бұл бар дүние, бірақ серіктестеріміз бен көршілеріміздің осы жобаны барынша пайдалану ниетіне сәйкес келмейді", - деді Ильхам Әлиев.
"Солтүстік - оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі - Санкт-Петербургтен Мумбай портына (Үндістан) дейінгі мультимодальды маршрут, дәліздің ұзындығы – 7,2 мың шақырым.
Осы дәлізде үш бағыт бар - Транскаспий (теміржолдар мен порттарды қолдана отырып), сондай-ақ батыс және шығыс.
Ресей мен Иран 2023 жылы мамырда "Солтүстік - оңтүстік" батыс бағытындағы теміржолдың соңғы қажетті бөлігін, Ирандағы Решттен Астараға дейін, құны 1,6 миллиард еуроны құрайтын құжаттарға қол қойды. Осы қаражаттың 1,3 миллиард еуросы - Ресей Федерациясының несиесі, қалғаны - Иран тарапының қаражаты.