Астана ШЫҰ-2024

Лукашенко Беларусьтің ШЫҰ-ға мүшелігі туралы айтты

Ұйымда еркін сауда-экономикалық аймақ құру идеясын алға жылжытатын ШЫҰ-ның Даму қорын құру жобасы пысықталуда
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко "Қазақпарат" агенттігіне берген сұхбатында елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы айтты.
"Біз ШЫҰ-ға толыққанды мүшелікке қадам басып келеміз. Осы жылдар ішінде Ұйым алаңында айтылған Беларусь тарапынан көптеген ұсыныс қазірдің өзінде қолдау тапты", - деді ол.
Беларусь 2022 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруге өтініш беріп, бір жылдан кейін тиісті меморандумды ратификациялады.
"Бүгінде ШЫҰ-ға мүше елдер жаһандық экономикалық өсудің локомотиві және инвестиция мен инновациялық өндірісті тарту орталықтары ретінде әрекет ететініне сенімдімін", - деді Александр Лукашенко.
Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында ШЫҰ аясындағы өзара сауда көлемі 19,1 млрд долларды құрады.
Сондай-ақ Беларусь басшысы бүгінде Ұйымда еркін сауда-экономикалық аймақ құру идеясын алға жылжытатын ШЫҰ-ның Даму қорын құру жобасы пысықталып жатқанын айтты.