Лукашенко: Беларусь шекарадағы кез келген арандатушылықтың алдын алады

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь әскери қызметшілері шекарадағы кез-келген арандатушылықтың алдын алуға қабілетті деп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз мемлекеттік шекарадағы кез келген арандатушылықтың алдын аламыз", - деді Лукашенко.
Минскіде Беларуссияның неміс-фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 80 жыл және Тәуелсіздік күніне арналған әскери шеру өттіп жатыр. Лукашенко сол жерде сөз сөйледі.
Президенттің айтуынша, Беларуссияның басты күші – халқы. Мемлекет басшысы БАҚ-та Украина шекарасындағы шиеленіс туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, елді қорғағысы келетіндерден мыңдаған қоңыраулар түскенін айтты. Алайда, Лукашенко әскери күштердің қауіп-қатерлермен күресуге қабілетті екенін айтты.
Айта кетейік, Александр Лукашенко да Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысады. Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ - Sputnik) саммиті басталады, одан кейін ШЫҰ төрағасы Қытай болады. Саммитке ұйымға қатысушы мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ серіктестері мен бақылаушылары қатысады.
Бұл саммиттің бұрыңғылардан ерекшелігі - ұйымға Беларусь Республикасы да мүше болады. Александр Лукашенко екі жыл бұрын ұйымға кіруге ниет білдірді, ал Астанадағы саммит Беларусь үшін алғашқы саммит. Бірнеше сағаттан соң ол саммитке қатысу үшін Қазақстан астанасына келеді.