Астана ШЫҰ-2024

Ердоғанды Астана әуежайында премьер-министр қарсы алды

Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
"Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Түркия — ұйымға серіктес ел.
Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.
Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.