Астанада Владимир Путин мен Режеп Ердоғанның келіссөзі басталды

Келіссөз ұзаққа созылады деп болжанып отыр
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астанада Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның келіссөзі басталды.
Кездесу "Ритц Карлтон" қонақ үйіндегі келіссөз залында өтіп жатыр.
Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздер ұзаққа созылады деп болжанып отырғанын, екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ Сирия мен Украинадағы жағдай туралы сөз болатынын айтқан.