АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Түркия Мәскеу мен Киевке Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Ыстанбұл процесі аясында барлық тараптың қатысуымен бейбіт конференция өткізуді ұсынуы мүмкін, деп мәлімдеді РИА Новостиге түрік сарапшысы, Vatan партиясы Орталық шешім қабылдау комитетінің мүшесі Орчун Гёктюрк.
"Украина дағдарысы басталғаннан бері Түркия маңызды дипломатиялық күш салып жатыр. Жақында Ресей президенті Владимир Путин "Біз түрік достарымыздың дағдарысты жағдайларды, соның ішінде Украина дағдарысын шешуге үлес қосуға деген ұмтылысына ризамыз" деді. Соңғы кездері АҚШ Қара теңізде арандатушылықты күшейтті. Бұл Астанадағы ШЫҰ саммитінде күн тәртібіндегі алғашқы мәселелердің бірі болмақ. Түркия мен Ресейдің бірлескен күш-жігерімен астық келісімі жасалды, бірақ АҚШ пен Киев режимінің диверсиялық әрекеттеріне байланысты оны ұзарту мүмкін болмады", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, жанжалды тоқтату және дипломатиялық күш-жігерді ілгерілету үшін Түркия Ыстанбұл платформасы аясында барлық тараптың қатысуымен бейбіт конференция өткізуді ұсына алады.
"Жалпы Түркияның саяси және әскери дағдарыстарды Ресеймен бірге шешуге деген ұмтылысы Батыс тарапынан қысымға ұшырауда. Ал анығында Түркияның өзінде билеуші партия да, оппозиция да Еуроодақ мүшелігі мен Батыспен қарым-қатынастың маңыздылығы туралы мәлімдеме жасап жатыр", - деді партия өкілі.