ЕАЭО-да ортақ аграрлық нарық құрылады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ЕАЭО елдерінде қойма куәлігі кепілдігімен кредит алып, өнімдерін қашықтан сата алады
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта ортақ аграрлық нарық құрылады, деп хабарлады Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ЕАЭО елдерінде қойма куәлігі кепілдігімен кредит алып, өнімдерін қашықтан сата алады.
Қазақстаның бизнесі ЕАЭО мемлекеттеріндегі қойма инфрақұрылымы туралы ақпаратқа, оның ішінде сыйымдылығы, көлемі және сақтау орны туралы мәліметке қол жеткізе алады.
ЕАЭО аумағында астық қолхатын пайдаланатын қазақстандық тәжірибені негізге алу ұсынылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ортақ энергетикалық нарықты іске қосу күнін 2025 жылдан 2027 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
"Электр энергиясы нарығы бойынша Жоғарғы кеңес (Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес – ЕАЭО орталық органы) нарықтың жұмыс істеу мерзімн түзету туралы шешім қабылдады. Біз ортақ нарықтарды кезең-кезеңмен қалыптастыруды көздейміз. Тиісінше, келесі кезең 2027 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған", - деді ЕЭК департаментінің директоры Вадим Закревский.