Астана ШЫҰ-2024

Астанада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді

Sputnik
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. ШЫҰ саммитіне байланысты Астанада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді.
"2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді.Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00–ден 23:30–ға дейін", — деп жазды City Transportation Systems ЖШС.
Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары "Тәуелсіздік сарайы" алаңының Тәуелсіздік даңғылы — Ж.Нәжімеденова к. А.Байтұрсынов к. — Қ.Аманжолов к. жүргізіледі.