Стенин байқауында дауыс беру басталды

Дәстүрге айналған дауыс беру барысында интернет қолданушылары халықаралық қазылар алқасының шешімімен іріктелген суреттердің арасынан үздікті таңдайды
Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Андрей Стенинді еске алуға арналған мерейтойлық X Халықаралық жас фототілшілер байқауы интернет қолданушылар арасында дауыс беруді бастады.
Шілденің бірінші аптасында Андрей Стенинді еске алуға арналған халықаралық фотобайқау сайтының орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларында онлайн дауыс беру басталды.
Дәстүрге айналған дауыс беру интернет-пайдаланушыларға халықаралық қазылар алқасының шешімімен шорт-тізімге енгендердің ішінен үздік суретті немесе топтаманы таңдауға мүмкіндік береді. Жеңімпаз жұмыс берілген ең көп дауыс саны бойынша анықталады.
Дауыс беру үшін байқау сайттағы ұнаған суретті немесе суреттер топтамасын таңдап, олардың жанындағы батырманы басу керек. Ол үшін қандай да бір әлеуметтік желідегі тіркелуді растау қажет емес.
Дауыс беру 31 шілде күні сағат 23:59-ға дейін (Мәскеу уақыты бойынша) жүргізіледі.
Онлайн дауыс берудің жеңімпазы тамыз айының басында белгілі болады. Интернеттегі ең танымал фотоның авторға байқау дипломы беріледі.
Қысқа тізімге енген үміткерлердің жүлделі орындарын, сондай-ақ Гран-при иегерін ұйымдастыру комитеті қыркүйек айында сайттың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларында жариялайды.
Байқау жыл соңына дейін әлем қалаларында жеңімпаздардың дәстүрлі роуд-шоуын бастауды жоспарлап отыр.

Байқау туралы

ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей комиссиясының қамқорлығымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың қиындықтарына қоғамның назарын аударуға бағытталған. Бұл жас фотографтарға арналған алаң – талантты, сезімтал және барлық жаңалыққа ашық, олар біздің назарымызды айналамыздағы адамдар мен оқиғаларға аударады.
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).