Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей өз мақсатына жету үшін кез келген диалогқа дайын – Песков

Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинамен диалог жүргізу мүмкіндігі туралы туралы сұраққа жауап бере келе, Ресей басшысы Владимир Путин Мәскеу мақсатына жету үшін кез келген диалогқа ашық екенін бірнеше рет айтты деп мәлімдеді.
Бұған дейін Владимир Зеленский The Philadelphia Inquirer басылымына берген сұхбатында БҰҰ мен Түркия делдалдар ретінде процеске қатысқан астық мәмілесіне ұқсас үшжақты келісім форматында Мәскеумен келіссөз жүргізуі мүмкін екенін айтқан.
"Президент Путин Ресей Федерациясының біз алдымызға қойған мақсатқа жету үшін кез келген қарым-қатынасқа, кез келген диалогқа ашық екенін бірнеше рет айтты. Біз бұл ашықтықты сақтаймыз және президент те сақтайды, ол бұл туралы бірнеше рет айтқан", - деді Песков Кремль келіссөздерді қолдауға дайын ба деген сұраққа жауап беріп.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Келіссөз 2025 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайды – Украина қорғаныс министрлігі