"Достастық балалары" форумында Қазақстан оқушылары елді таныстырды

Sputnik
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Қазақстандық оқушылар "Достастық балалары" Х халықаралық мәдени-білім беру форумына қатысып, делегаттар форумдла елімізді таныстырды. Бұл туралы форумның Телеграм-арнасы хабарлады.
"Бүгін форумда Қазақстан күні. Форумға қатысушылар актерлік шеберлік бойынша шеберлік сабақтарын, спорттық эстафета және поэзия кешін ұйымдастырды. Қазақстан делегациясы күнді көңілді өткізуге барын салып, форум қатысушылары басқа эстафета жарысынан бөлек, "арқан тартыс" атты қазақтың ұлттық ойынымен танысты", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы форум қонақтарын қазақтың ұлттық асханасымен таныстырып, бауырсақтан дәм татуға шақырды.
Қазақстандық оқушылар "Достастық балалары" форумында
Бұдан бөлек, бата берудің мәні мен маңызы туралы айтып, форум сахнасында "Бір үйдің баласындай" және "Алға Қазақстан әндерін шырқап, көрермендерге "Айжан қыз" және "Құдаша" әндеріне би ұсынды.
Қазақстандық оқушылар "Достастық балалары" форумында
"Достастық балалары" Х халықаралық мәдени-білім беру форумы 25 маусым мен 4 шілде аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл жағасындағы Шолпан-Ата қаласында өтіп жатыр. Форумға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мектеп оқушылары қатысып жатыр.