АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ресейдің Якутск қаласындағы "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындарында Қазақстан құрамасы тағы 3 алтын медаль жеңіп алды.
Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынасқан алматылық Бақдәулет Қабдешов үздік атанды.
Қазақстандық Ангелина Шрубянец тосқауылдар арқылы жүгіруден "алтын" иеленді.
Жеңіл атлетикадан Глеб Клепинин үздік атанып қана қоймай, жаңа рекорд орнатты.
Осылайша, Қазақстан 60 медальмен жалпы есепте 7-орынға көтерілді: оның 9-ы алтын, 14-і күміс және 37-сі қола.