Қырғызстанда селден қаза тапқандардың саны сегіз адамға жетті

Олардың арасында екі қазақстандық бала бар, тағы екеуі іздестіріліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қырғызстанда Ош облысының Ноқат ауданында сел салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, деп хабарлады 24.kg.
Қайтыс болғандардың көбісі балалар мен жасөспірімдер. Олардың арасында қазақ балалары да бар. Екеуінің мәйіті табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр.
Жолдар мен көпірлерді қиратып, адам өліміне әкелген селге байланысты Ноқат өңірінде төтенше жағдай жарияланды. "Абшыр ата" демалыс аймағында 1300-ден астам адам бөгеліп, бірнеше көпір мен жол бүлінген, ондаған үй су астында қалды.
Қырғызстанда селден қазақ балаларының қаза табуына байланысты Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош қаласына ұшақ жіберетіні хабарланды.
Қырғызстандағы сел көшкінінен қазақстандық екі бала қаза тапты – СІМ