Спорт

"Азия балалары": Қазақстан Якутияға адам саны ең көп делегацияны жіберген

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Қазақстан Ресейдің Якутск қаласындағы "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындарына адам саны ең көп делегацияны жіберді.
VIII жазғы ойындарға 300 қазақстандық келді, оның 202-сі спортшылар.
"Біз "Азия балаларының" алғашқы ойындарынан бастап қатысып келеміз. Бұл біздің сегізінші жазғы ойынымыз, сонымен қатар спортшылар екі қысқы ойынға қатысты. 2008 жылы Қазақстан командасы "Азия балалары" ойындарында жалпы командалық бірінші орынға ие болды, ал 2012-2016 жылдары республика құрамасы үшінші орын алды", - деді Қазақстан спорт министрлігі жазғы олимпиадалық спорт түрлері басқармасының бас сарапшысы Дияс Укмет.
Әлемнің 25 елінен келген спортшылар 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы үшін бақ сынасады.
"Азия балалары-2024": Қазақстан қоржынына тағы 2 алтын түсті