АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астанада 20-ға жуық учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына әлеуметтік нысан салынады. Бұл мектептер, емханалар, қоғамдық кеңістіктер (гүлзарлар, желекжолдар, аулалар), балабақшалар. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қалада осындай 22 нысан бар. Барлық нысаннан хабарымыз бар. Олар бойынша көрші үйлердің тұрғындарының бастамашыл топтарымен және құрылыс салушылардың өкілдерімен белсенді жұмыс істейміз. Қазір екі нысанның ісі сотта, қалғандары бойынша шешім бар. Учаскелер тұрғындардың пікірін ескере отырып, әлеуметтік нысан салу үшін пайдаланылады", - деді Жеңіс Қасымбек.
Мысалы, Есіл өзенінің жағасында, Косыгин көшесінің ауданында Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілді, көппәтерлі тұрғын үй кешендері гүлзарға ауыстырылды, "Copenhagen" ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені алаңға ауыстырылды.
"Nova city" ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені білім беру орталығына, "Қалалық романс" ТК ауданында - мектепке жаңа ғимаратқа, балабақша мен скверге және т.б. ауыстырылды", - деп толықтырды қала басшысы.
Сондай-ақ Астана әкімі биыл қаңтар айынан бастап инженерлік желілерсіз және бас жоспарсыз құрылысқа рұқсат берілмейтінін атап өтті.
Сонымен қатар егер қандай да бір құрылыс компаниясы құрылысты техникалық шарттардың толық пакетінсіз жалғастырса, құрылыс учаскелеріндегі жұмыс толығымен тоқтатылады және компания жосықсыз компаниялардың "қара" тізіміне енгізіледі.