АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ноқат ауданында сел жүріп, 7 адам қаза тапты, бес адамның мәйіті табылды, екеуін іздеу жалғасуда, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Абшыр-Ата ауылында сел көпірді, 10 бағананы бұзып, 10 ауланы су басқан", - делінген хабарламада.
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сел салдарын жоюға 637 адам жұмылдырылды, оның ішінде 127 маман төтенше жағдайлар ведомствосының қызметкерлері, тағы 450 адам аудандық азаматтық қорғаныс қызметтерінен жіберілді.
Оқиға орнында 4 жүк тиегіш пен 11 экскаватор жұмыс істеп жатыр.
Сел болған аймаққа іргелес орналасқан Абшыр-Ата сарқырамасындағы демалыс аймағында 1300 адам қалып қойды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан. Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарына тікұшақ жіберді.