Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Халықаралық валюта қоры Украинаның қарызын қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастырмайды

Халықаралық валюта қоры Украинаға қаржылай көмек көрсету бағдарламасының төртінші рет қайта қарастыруды аяқтап, Киевке 2,2 миллиард доллар көлеміндегі көмектің жаңа траншын бөлуді мақұлдады
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Украинаның ұйым алдындағы қарызын қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастырмайды, деп хабарлады Халықаралық валюта қорының Украинадағы миссиясының басшысы Гэвин Грей РИА Новостиге.
"Дәл солай", - деп жауап берді Гэвин Грей ХВҚ Киевтің қор алдындағы қарызын қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастырмайтынын растауды сұрағанда.
Жұма күні Халықаралық валюта қоры Украинаға қаржылай көмек көрсету бағдарламасының төртінші рет қайта қарастыруды аяқтап, Киевке 2,2 миллиард доллар көлеміндегі көмектің жаңа траншын бөлуді мақұлдады. Соңғы келісілген көмек пакетін ескере отырып, Халықаралық валюта қорының Украинаға бөлетін несие қаражатының жалпы көлемі 7,6 миллиард долларға жетеді.
Наурызда Украина Халықаралық валюта қорынан кеңейтілген қаржыландыру механизмі (EFF) аясында 880 миллион доллар көлемінде көмектің үшінші траншын алды. Жалпы алғанда, қордан EFF төрт жылдық бағдарламасының 15,6 миллиард долларға жуық көлемдегі жалпы сомасынан 5,4 миллиард доллары алынды.
Сонымен бірге, Украина биыл Халықаралық валюта қорына 2,9 миллиард доллар, алдағы жеті жылда тағы 11,5 миллиард доллар қарызын төлеуі керек.