Астана әуежайында рейстер кешігуі мүмкін: көлік министрлігі себебін түсіндірді

Sputnik
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Көлік министрлігі Астана әуежайында рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.
"28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуіне 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуі себеп болып отыр. Осыған байланысты Астана әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылды", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатынын хабарлады.
"Осыған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады", - деді министрлік өкілдері.
Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн, дейді министрлік.