Қордың қоршаған ортаны қорғау суреттері бойынша марапаттар төртінші жыл қатарынан беріліп келеді. Бұл байқау ғаламшарды, қоршаған ортаны қорғау, ормандарды жою және жабайы жануарлардың заңсыз саудасымен айналысуға қарсы күрес тақырыбы бойынша жабайы табиғатты суретке түсіретін фотографтары үшін маңызды іс-шара болып табылады.
Фотожурналист әрі режиссер Аарон Гекоскидің туристермен фотосессияны үнсіз күтіп отырған жалғыз, өте қайғылы күйдегі орангутанды бейнелейтін туындысын қазылар алқасы бірауыздан "Адамзат табиғатқа қарсы" номинациясында жалпы жеңімпаз деп таныды.
Фотобайқауға қатысушылар "Өзгеріс әкелушілер: үміт себептері", "Мұхит әлемі", "Орманға", "Поляр ғажайыптары", көрермендер көзайымы сыйлығы және жаңадан бастаған фотограф жұмысы сияқты тағы бес номинация бойынша үздік атануға жарысты. Байқаудағы әсерлі суреттерді Sputnik топтамасынан тамашалаңыздар.