АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесінің алқа отырысы мен ұйымның бизнес-форумы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы тарапынан ШЫҰ Іскерлік кеңесінің ұлттық бөлігінің төрағалығымен өтеді.
Отырысқа Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан кеңестің ұлттық бөліктерінің жетекшілері (гибридті форматта) қатысуда.
"ШЫҰ Іскерлік кеңесі алқасының отырысында Іскерлік кеңес қызметінің мәселелерін, одан әрі ынтымақтастық келешегін талқылау жоспарлануда", - делінген ұйымның сайтында.
Сонымен қатар, отырыста ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен оның құрылымдары қызметінің бағытын айқындайтын жаңа жобаларды таныстыруды жоспарлап отыр.