АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Келіспеушіліктер мен өзара балағаттарға қарамастан, екі үміткер де Ресей президенті Владимир Путин айтқан Украинадағы бейбіт реттеу шарттарына көңілдері толмайтынымен келіседі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, егер ол Украинада жеңіске жетсе, Ресей Беларусьті қысымға алады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен сайлау алдындағы теледебат кезінде Байден Ресей басшысы Владимир Путинді тағы да балағаттап, оны "әскери қылмыскер" деп атады.
"Ол Кеңес империясының бір бөлігі болған жерді қалпына келтіргісі келеді және жай ғана бөлігін емес, бүкіл Украинаны алуды қалайды. Қалай ойлайсыз, ол сонда тоқтайды ма? Украинаны алған кезде Польша не болады, Беларусь не болады, НАТО елдерімен не болады деп ойлайсыз?" – деді Байден.
Владимир Путин Ресейдің НАТО елдеріне қауіп төндірмейтінін және Батыс саясаткерлері халық назарын ішкі мәселелерден басқа жаққа аудару үшін Ресейден келетін ойдан құрастырылған қауіппен қорқытып отырғанын мәлімдеді.
Өз кезегінде Дональд Трамп егер Ресей Американың қазіргі көшбасшысы Джо Байденді құрметтесе, Украинадағы қақтығыс болмас еді деді.
"Егер бізде Ресей көшбасшысы Владимир Путин құрметтейтін нағыз президент болса, ол ешқашан Украинаға басып кірмес еді", - деді Трамп Байденмен сайлау алдындағы пікірталас кезінде.
Ол америкалық әскерилердің Ауғанстаннан шығарылуына Байденді айыптады.
"Путин мұны көргенде Украинаға басып кіруге шешім қабылдады деп ойлаймын", - деді Трамп.
Дегенмен АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысының Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін мәлімдеген шарттарын жөнсіз деп атап, Украинадағы қақтығысты өзі билікке келгенге дейін шеше алатынын да мәлімдеді.
"Мен 20 қаңтарда Ақ үй басшысы қызметіне ресми кіріскенге дейін Путин мен Зеленский арасындағы бұл қақтығыстың шешілуін қамтамасыз етемін. Мен бұл мәселені шешемін - мен оны Ақ үйге кірмей тұрып-ақ шешемін", - деді республикашыл-саясаткер.
Мен аударып, өзім сала беремін.