АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтуіне байланысты журналистер Ішкі істер министрінің орынбасарынан қауіпсіздік мақсатында Астанаға кірер жол жабыла ма деген сұрақ қойды.
ҚР ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев жалпы Астана полициясының барлық күші жұмылдырылғанын, бірақ елордаға кіруге тосқауыл қойылмайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым.