АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл жағасында "Достастық балалары" IX Халықаралық мәдени-білім беру форумы өтіп жатыр, деп хабарлады ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесі хатшылығының баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қырғызстан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген оқушылар мен олардың тәлімгерлері қатысады.
ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкийдің айтуынша, адамның тағдыры көбінесе балалық шақта қалыптасады, ал ТМД тағдыры осы форум сияқты алаңдарда анықталады.
"Мұнда жаңа көшбасшыларды қалыптастыру, ұзақ мерзімді перспективада байланыстар орнату, шығармашылық ынтымақтастық үшін бірегей жағдайлар жасалуда. Сіздердің әрқайсыңыз патриот екеніңізді білемін. Болашақ туралы ойлана отырып, сіз Отанға тек жақсылық пен өркендеу тілейсіз, ал Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл бұл үшін сарқылмас мүмкіндіктер береді", - деді Кобицкий.
Форумның салтанатты ашылу рәсімінде әрбір делегация өз елінің ұлттық дәмін көрсетті. Бірінші күні Қырғызстанның мәдени дәстүрлерінің тұсаукесері өтті. Балалар басқа делегациялардың өкілдеріне ең танымал қырғыз ойындарының бірі — ордо ойнауды үйретті. Сонымен қатар киізбен жұмыс істеу шеберлік сыныбы өтті.